31 Қантар 2019
374

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Жәнібекте

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, бірқатар облыстық басқарма басшылары Жәнібек ауданындағы сапарды қыстақтардың ахуалымен танысудан бастады.

 

 

Жәнібек ауданынан 3 шақырым жерде орналасқан Ескендір Елемесов басқаратын «Әлем» шаруа қожалығында болып, қожалықтың жай-күйіне қанықты. Одан кейін Ресей Федерациясына өтетін шекара пунктіне барды. Пункте екі ел арасындағы тауар айналымы, сауда қатынасы жайынды әңгіме өрбіді.

 

Меймандар аудан орталығындағы ардагерлер үйіне келіп, ардагерлердің қал-жағдайларын білді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев мауданның шежіресі, атақты адамдардың өмірі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жәнібек ауданындағы соғыс зардабы, соғыс кезіндегі аудан өмірі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары ардагерлер үйінде Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына орай шахматтан ардагерлердің арасында ұйымдастырылған жарысты тамашалады.

Гүлзара Тілекқабылқызы,

 

Жәнібек ауданы

 

zhaikpress,kz