31 Қантар 2019
331

Жәнібекте мемлекеттік бағдарламамен 83 кәсіпкер несие алған

 

Аудан әкімдерінің есептік кездесуі Жәнібек ауданында жалғасты. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, бірқатар облыстық басқарма басшылары, аудандық мекеме-кәсіпорын жетекшілері мен қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.

 

Олар алдымен аудандық мәдениет үйінің фойесінде қойылған мектептен тыс жұмыс орталығы педагогтары мен оқушыларының көрмесін көрді.

 

-2019 жылғы 1 қаңтарға аудан бюджетіне 4 млрд. 331 млн. 43 мың 800 теңге салық пен кіріс түсті. Соның ішінде трансферттер түсімі 3 млрд. 753 млн. 629 мың теңге.

 

Бүкіл нысандарындағы ұйымдар мен мекемелер негізгі капиталға 2 млрд. 225 млн 800 мың теңге көлемінде инвестиция құйды.

 

 Аудан бойынша 1 620 адам жұмыс жасайтын 889 шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 45 млн. 800 мың теңге көлемінде кіріс түсірді. Жаңадан іске қосылған кәсіпкерлік нысандарда 278 жаңа жұмыс орны ашылды.

 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында былтыр 83 кәсіпкерге жалпы құны 234 млн. 700 теңге несие берілді, -деді аудан әкімі Азамат Сафималиев.

 

zhaikpress.kz