31 Қантар 2019
362

Жәнібектегі бұрынғы әкішілік ғимараты баспана ретінде берілмек

 

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2018 жылы Жәнібек ауданы орталығында екі пәтерлі 40 тұрғын үй салынды. Үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына 143 млн теңге жұмсалған.

 

 

Тұрғын үйге кезегіндегі тұрған 80 азамат қоныстанды. Сонымен қатар бұрынғы Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш №8 мекен жайда орналасқан әкімшілік ғимаратын тұрғын үйге айналдырып, ағымдағы жөңдеу жұмысы жасалған соң, түрлі санат бойынша үй кезегінде тұрған 8 адамға баспана берілетін болады.

 

Айта кетейік, 2018 жылы тұрғын үй кезегінде тұрған 213 азаматтың 88-і баспанамен қамтамасыз етілген.

 

 Есептік жиында ауыл тұрғындарын үнемі мазалайтын сұрақ жол жөндеу жұмысы. Өңір басшысының қолдауымен былтыр КПО б.в. компаниясының әлеуметтік міндеттемесінің негізінде аудан орталығыдағы жалпы ұзындығы 10 км болатын 9 көшеге орташа жөңдеу жұмысы жүргізілді. М.Ыхсанов және Ғ.Қараш көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы салынды.

 

 zhaikpress.kz