31 Қантар 2019
666

Облыстың құрметті азаматын марапаттады

 

Өткен жылы жүзеге асқан ауқымды істердің бірі Бөкей Ордасы ауданы орталығында заман талабына сай 70 орындық жаңа типтік интернат іске қосылуы болды.

 

 

Аудан орталығында Мәншук Мәметованың ескерткішіне арналған тынымбақ салынған. Сайқын ауылының жаңа ауданында жасанды газон төселген футбол алаңы, Қуаныш Бірманов есімді кәсіпкердің демеушілігімен 1,5 млн. теңгеге балалар ойын алаңы жасақталған. Сонымен қатар Сайқын ауылында екі ойын кешені және Мәмбет ауылында жаңа балалар ойын алаңы салынған.

 

-Мемлекеттің негізгі тірегі аудан-ауылдар екендігі айқын. Егін егіп, астық өндіретін, төрт түлік мал өсіріп еліміздің тұрғындарын сапалы азықпен қамтитын өздеріңіз секілді ауылдардың адамдары. Атқарылып жатқан барлық игі істер біріншіден ел тәуелсіздігінің, екіншіден Елбасының салиқалы саясатының нәтижесі деп білемін. Ауылдық жерлердің тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бүгінде өз жемісін беруде. Бұндай мемлекеттік қолдаулардың көмегін бөкейордалық ағайындарда сезінуде. Бөкей ордасы ауданында көптеген әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер бой көтеріп, көптеген елді мекендер таза ауыз сумен, көгілдір отынмен қамтылғанының куәсі болудамыз. Биылдың өзінде Өнеге-Бисен-Сайқын бағытындағы күре жолды күрделі жөндеу жұмыстары басталғалы отыр. Жұмыс қарқынды әрі уақтылы жүргізілсе бір-екі жылда облыс орталығымен қатынаста жақсармақ. Ауданда әлі де болса шешімін таппаған мәселелер де бар екендігін білеміз. Қыс мезгілінде жол тазалау жұмыстарын бір жүйеге келтіруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ шаруа қожалық иелерінің «Батыс Марқа Ламб» ЖШС -ға тапсырған ақшасын ала алмай жүргендігі белгілі. Жуырда аталмыш ет қабылдау компаниясы басшысымен кездесіп, жақын күндері толықтай есептесу туралы мәмлеге келдік. Сонымен қатар Бисен ауылына мәдение үйін, Сайқында дене шынықтыру орталығын салу, сапалы интернетпен қамту секілді мәселелердің де шешілу жолдары қарастырылуда. Бүгінге дейін аудан тұрығындары малдарын Ақтау, Атырау облысына тапсырады екен. Сондақтан аудан орталығынан мал сою, ет өңдеу кәсіпорындары менбордақылау алаңдарын салу да жоспарыда бар. Бұл түйіткілдер алдағы уақытта біртіндеп шешімін табатыны сөзсіз. Аудан әкімінің жұмысына сәттілік, жергілікті тұрғындарға амандық тілеймін,-деді жиынды қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев.

 

Есепті жиын барысында Ғали Нәжімеденұлы ауданның байырғы тұрғыны, Социалистік еңбек ері, облыстың құрметті азаматы Ескендір Есимовты мерейлі 90 жасымен құттықтап, облыс әкімі атынан алғыс хатпен марапаттады.