01 Ақпан 2019
481

БҚО-да «Электронды архив» жобасы жүзеге аса бастады

 

Батыс Қазақстан облысында «Электронды архив» жобасы жүзеге аса бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

 

Бұл мақсатқа өткен жылы облыс бюджетінен 110 миллион теңге бөлінген. Аталған қаржыға арнайы бағдарлама жасалып, әрқайсысы 11 миллион теңге тұратын 4 сканерлеу аппараты, құжаттардың сандық нұсқасын сақтайтын серверлер сатып алынды. Облыстық архивта 25 мыңдай қор бар. Әрбір іс жүздеген парақтан тұрады. Өткен желтоқсан айында мұрағат мамандары 500 мың бет құжаттың сандық көшірмесін жасаған. Енді туған өлкенің тарихын түгендеушілер архивті ақтармай-ақ мәліметтердің бірыңғай базасын үйде отырып қарай алады. Ол үшін электронды сандық қолтаңба арқылы керекті деректерге тапсырыс берсе жеткілікті.

 

Нұржан Төлепов, өлкетанушы:

 

- Маған өзіме логин мен паролін беріп, үйде отырып та компьютерді қосып кіре аламын. Сосын үйде отырып жұмыс істеп, мында келгенде өтініш беріп қойсам, алдымда тұрады істер.

 

Айжан Сауғабаева, облыстық мемлекеттік архив директоры:

 

- 2012 жылы бастап қорлардың атауларын, тізімдемелерді, тізімдемелердің ішіндегі істердің атауларын салып шықтық. Ол үлкен жұмыс. Енді әр құжатқа келіп тіреліп жатырмыз. Бюджеттен қаржы қарастырылған болатын. Соған керекті жабдықтар мен бағдарлама сатып алынды. Бұл сканерлер олардың жылдамдығы 0,3 секундта бір бетті электронды форматқа айналдырады.

Батыс Қазақстан облысында «Электронды архив» жобасы жүзеге аса бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл мақсатқа өткен жылы облыс бюджетінен 110 миллион теңге бөлінген. Аталған қаржыға арнайы бағдарлама жасалып, әрқайсысы 11 миллион теңге тұратын 4 сканерлеу аппараты, құжаттардың сандық нұсқасын сақтайтын серверлер сатып алынды. Облыстық архивта 25 мыңдай қор бар. Әрбір іс жүздеген парақтан тұрады. Өткен желтоқсан айында мұрағат мамандары 500 мың бет құжаттың сандық көшірмесін жасаған. Енді туған өлкенің тарихын түгендеушілер архивті ақтармай-ақ мәліметтердің бірыңғай базасын үйде отырып қарай алады. Ол үшін электронды сандық қолтаңба арқылы керекті деректерге тапсырыс берсе жеткілікті. Нұржан Төлепов, өлкетанушы: - Маған өзіме логин мен паролін беріп, үйде отырып та компьютерді қосып кіре аламын. Сосын үйде отырып жұмыс істеп, мында келгенде өтініш беріп қойсам, алдымда тұрады істер. Айжан Сауғабаева, облыстық мемлекеттік архив директоры: - 2012 жылы бастап қорлардың атауларын, тізімдемелерді, тізімдемелердің ішіндегі істердің атауларын салып шықтық. Ол үлкен жұмыс. Енді әр құжатқа келіп тіреліп жатырмыз. Бюджеттен қаржы қарастырылған болатын. Соған керекті жабдықтар мен бағдарлама сатып алынды. Бұл сканерлер олардың жылдамдығы 0,3 секундта бір бетті электронды форматқа айналдырады.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/293711-b-o-da-elektrondy-arkhiv-zhobasy-zh-zege-asa-bastady
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz