01 Ақпан 2019
606

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазталов ауданындағы бес мектепте музей жасақталған

 

 

 


Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен Қазталов ауданында есепті кездесу жиыны өтті. Сонымен қатар алқалы жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық және аудандық басқармалар басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.

 

Жиналғандар алдында сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков өткен жылғы атқарылған істер мен алда тұрғын міндеттер туралы баяндады.

 

Өткен жылы аудандағы негізгі капиталға инвестиция көлемі 5,3 млрд. теңгені құраған. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 13 922,6 млн.теңгеге жеткен. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және шағын және орта бизнесті қолдау бағытында 128 шаруашылық  612,2 млн теңге несие алған. 

 

«Ақбұлақ» бағдарламасымен 13 елді мекенге су құбыры тартылып, таза ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 80% құрады. 13 елді мекенде газбен қамту жұмыстары басталып, 16 елді мекенді көгілдір отынмен қамту мақсатында құжаттары жасақталуда. Сондай-ақ аудан орталығында аудандық саз мектебі ғимараты, Жалпақтал ауылында 12 пәтерлік тұрғын салынған. 

 

Өткен жылы Чапаево - Жалпақтал – Қазталов бағытына 5,7 км асфальт төселді. Қазталов ауылындағы алты көшеге жолдары жөнделген.  


«Нұрлы жол» бағдарламасымен Жаңажол ауылының кіреберіс және ауылішілік жолдары жөнделген. Қайыңды ауылдық округі аумағында орналасқан Қараөзен арқылы өтетін қалқымалы көпір жөндеуден өткен. Аудан мектептеріне 12,4 млн. теңгеге мультимедия жабдықтары мен жаңа компютерлер алынған. Ауданда өткен жылы 29 жас маман мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандағы бес мектепте музей  жасақталған.

 

Өткен жылы денсаулық сақтау саласына 19,8 млн. теңгеге жаңа медициналық аппараттар алынып, жыл ішінде 4 дәрігер және 7 орта буынды мамандар келіп жұмысқа орналасқан. Қазталов  аудандық тарихи-өлкетану музейі күрделі жөндеуден өтті.

 

Сондай-ақ аудан әкімі биылғы жылға жоспарлаған істерге де ерекше тоқталып өтті.

 

Биылғы жылы Қазталов ауылында 600 орындық мектеп салынады. Қазталов және Жалпақтал ауылдарында қос қабатты 12 пәтерлі екі тұрғын үй салынады. Жалпақтал 61 жер теліміне инженерлік желі тартылады. Жалпақтал, Жаңажол ауылдарында көше жолдары жөнделеді. «Ақбұлақ» бағдарламасымен Қазталов, Қарасу, Көктерек ауылдарын ауыз сумен қамту жұмыстары басталады. Жеті ауылға спорт алаңдарын салынады. Бостандық және Қазталов мектептерінде ІТ сыныптар ашылады. 11 елді-мекенге талшықты-оптикалық байланысын жеткізілмек. 10 балабақша мен 20 мектепке автоматты түрде кезекке қою қызметі іске қосылып, бейне камералар және Wi-Fi жүйесін орнатылады. 

 

Есеп беру жиынын қорытындылаған облыс әкімі Алтай Көлгінов атқарылған игі істер мен алдағы жоспарлардың орындалуы елдегі саясаттың нәтижесі екендігін айтты. Сонымен қатар өңір басшысы Елбасының қолдауы мен елдегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы арқасында атқарылатын істерге өңір тұрғындары болып жұмыла кірісуге шақырды.