01 Ақпан 2019
438

Қазталовтың шаруалары былтыр 37 трактор, 54 түрлі техника алды

 

Облыс әкімі Алтай Сейдірұлы Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбековтың аудан тұрғындары алдында есеп беру жиынына қатысты.

 

 

Есеп беру жиынына облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы, облыстық басқарма басшылары да қатысты. Жиында аудан әкімі Абат Шыныбеков ауданда жыл ішінде атқарылған жұмысынан есеп берді.

 

- Өткен жыл ауданымыз үшін табысты жыл болды деп санаймыз.


Ауданымыздың даму тенденциясы тұрақты экономикасымен, дамып келе жатқан ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, әлеуметтік салаларымен сипатталады. Экономиканың және әлеуметтік дамудың қан тамыры болып саналатын аудан бюджетінің 2018 жылғы түсімдері 7 776,5 млн. теңгеге орындалса, 2017 жылмен салыстырғанда 1 пайызға артты. Сонымен қатар өзіндік кірістеріміздің түсімдері 1 292,7 млн. теңге көлемінде орындалып, бұл өткен кезеңге қарағанда 24 пайызға артық жиналды. Сондай-ақ ауданда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 5 293,4 млн. теңгеге, меншікті қаражат 1 499,2 млн. теңгеге жетті.

 

Аудан бойынша мал шаруашылығымен 618 ауыл шаруашылық тауар өндіруші жұмыс жүргізсе, оның 19 шаруашылығы мал басын асылдандырумен айналасады. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және шағын және орта бизнесті қолдау бағытында былтыр 128 шаруашылық 612,180 млн. теңгеге несие алып, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 849 бас ірі қара, 2882 бас қой, 75 бас жылқы сатып алынды. «Казталов» несие серіктестігі арқылы «Сыбаға» және «Агробизнес» бағдарламасы аясында 14 шаруашылық 211 млн. 880 теңге несие рәсімдеді. Сондай-ақ, 35 шаруашылық 37 трактор, 54 түрлі ауыл шаруашылық техникаларын алды,-деді аудан әкімі Абат Абайұлы.