02 Ақпан 2019
387

Қазталовта «Лиман-55» каналының 11 шақырымы жөндеуден өтуде

 

Бұл жайлы аудан әкімі Абат Шыныбеков халық алдындағы есептік кездесуінде айтты. Жиынға облыс әкім Алтай Көлгінов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы, облыстық басқарма басшылары да қатысты.

 

 

-Ауданда мал басын өсіру үшін «Сакрыл», «Мамай» суландыру жүйесі және «Жұлдыз» бөгетіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауға облыстық бюджеттен 27,168 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар Республикалық бюджеттен қаржыландырылып, ауданнан өтетін «Киров-Шежін» су арнасы бойынша ІІІ-кезеңдегі жаңа құрылыс және қайта құру жұмыстары жасалуда. Бұнымен қоса биыл Талдыапан ауылдық округінде 5 мың басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылысы жоспарланып отыр. Мал азығын даярлауға «Лиман-55» каналының 11 шақырымы ағымдағы жөндеуден өтуде,-деді аудан әкімі Абат Абайұлы.

 

Былтыр Қазталов ауданында жер учаскелерін мақсатына сай пайдаланбай жүрген шаруа қожалықтарының иеліктеріндегі 30 500,0 га. жер учаскесінің 26 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды.