01 Ақпан 2019
511

Қазталов ауданы тұрғындарының 79 пайызы таза ауыз сумен қамтылған

 

Бұл жайлы аудан әкімі Абат Шыныбеков халық алдындағы есептік кездесуінде айтты. Есептік жиынға облыс әкім Алтай Көлгінов қатысты.

 

 

-Қазталов ауданында  «Ақбұлақ» бағдарламасымен 2017-2018 жылдары 13 елді мекен ауыз су тартылды. Соның арқасында аудан тұрғындарының 79 пайызы таза ауыз сумен қамтылды. Бұл жобаларға 2,3 млрд. теңге жұмсалды. Жергілікті бюджеттен 2,4 млн. мың теңге бөлініп Талдықұдық ауылына «Таза су» қондырғысы орнатылды. Сондай-ақ аудан орталығында ағымдағы жылы 87,6 млн. теңгеге аудандық саз мектебі ғимараты мен 112,6 млн. теңгеге Жалпақтал ауылында 12 пәтерлік 2 қабатты тұрғын үй салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Елбасымыздың «5 әлеуметтік бастамасында» айтылған міндеттерген сай  13 елді мекенді газбен қамту жұмыстары басталды,-деді аудан әкімі Абат Шыныбеков.

 

Өткен  жылы Қазталов ауылында 218,3 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын 6 көше жолы және 1,3 шақырым тротуар  салынды. Сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасымен 518,3 млн. теңгеге Жаңажол ауылында жалпы ұзындығы 6 шақырым кіреберіс және ауылішілік жол, 3 шақырым тротуар салынды. Облыстық бюджеттен бөлінген 52,7 млн. теңгеге Қайыңды аумағында орналасқан Қараөзен арқылы өтуге қалқымалы көпір іске қосылды.