01 Ақпан 2019
385

Былтыр Қазталов ауданында 5 мектеп музейі ашылған

 

Тереңкөл, Талдыапан, С.Есетов, Ғ.Беғалиев және А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектептерінде мектеп музейлері  жасақталып, пайдалануға берілді. 

 

 

Бұл жайлы аудан әкімі Абат Шыныбеков халық алдындағы есептік кездесуінде айтты. Есептік жиынға облыс әкім Алтай Көлгінов қатысты.

 

Былтыр аудан көлемінде «Мың алғыс саған, алтын ұя мектебім» тақырыбында түлектер форумы өткізіліп, нәтижесінде түлектердің демеушілігімен жалпы соммасы 24 млн. 235 мың теңгеге түрлі игі істер атқарылған.

 

-Ауданымызда 41  жалпы білім беретін мектеп 5 019 оқушы білім алса, өткен жылы Болашақ ауылдық округінің Көпкүтір бастауыш жалпы білім беретін мектебі оқушыларының саны артуына байланысты негізгі жалпы орта білім беретін мектебі болып қайта ашылды.

 

Халықтың денсаулығын сақтау бағытында 16828 аудан тұрғыны жоспарлы скринингтік тексеруден өтті. 2018 жылы денсаулық сақтау мекемелеріне  4 дәрігер және 7 орта буынды мамандар келіп жұмысқа орналасты. Алайда ауданымызға 10 дәрігер  және 10 орта буынды мамандары жетіспейді. Өткен жылы денсаулық сақтау саласына 19,8 млн. теңгеге жаңа медициналық аппараттар алынды. «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында меценаттардың көмегімен Әжібай, Ақпәтер ауылдарына фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.

 

Ауданның мәдениет саласына 2018 жылы 266 млн. 664 мың теңге қаржы бөлініп, оның 14 млн. 894 мың теңгесі материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалды.

 

2018 жылы «Қызғалдақ» фестивалі және эстрадалық әндерді орындаушылардың бірінші халықаралық байқауы, рухани жаңғыру мақаласы аясында «Жаңарған әндер-жан азығы» атты аймақтық ретро-фестивалі және Астананың 20 жылдығына  арналған 16 ауылдық округтің өнер  фестивалі өтті. Ауданымызда Қайыңды, Көктерек, Болашақ, Жаңажол және Қараөзен ауылдарына 39 млн. теңгеге футбол ойын алаңдары салынып, барлық 16 ауылдық округ футбол алаңдарымен қамтылды,-дейді аудан әкімі Абат Шыныбеков.

 

Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша нақты бекітілген жоспар негізінде жұмыс жүруде. Өткен жылы «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша құны 90 млн. теңге тұратын 43 жоба жүзеге асырылды.