04 Ақпан 2019
350

Ақжайық ауданы тұрғындарының 92,5% көгілдір отынмен қамтылған

 

Ақжайық ауданында өткен есеп беру жиынына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев, облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар, бірқатар облыстық басқарма басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.

 

Халық алдындағы есепті жиында аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов өткен жылы іске асқан игі істерге, биылғы жылғы жоспарлы жұмыстарға тоқталып өтті.

 

Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі өткен жылдың қорытындысы бойынша 3 млрд. 36 млн. теңгені құраған.

 

Аудандағы инвестициялар көлемі 3 млрд. 532 млн. теңгеге жеткен.

 

Шағын және орта бизнес саласында 1751 субъектілер тіркелген. 722 жаңа жұмыс орны ашылып, шағын кәсіпкерлік саласында қызмет жасайтындар саны 2 285 адамға жетті. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша өткен жылы 1 млрд 129 млн.теңге несие берілген. Ауданда 161,6 млн. теңге құрайтын 24 кәсіпкерлік нысаны іске қосылып, 57 жаңа жұмыс орны ашылды.

 

Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімінің көлемі 15 млрд. 696 млн.теңгеге жеткен.

 

Ащы-Азнабай-Тайпақ су жүйесін қалпына келтіруге құны 61,9 мың.теңгені құрайтын құжаттар жасақталуда.

 

Өткен жылы ауданда 7 204 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Аудан орталығында бір үш қабатты 24 пәтерлі тұрғын үй салынады. Сонымен қатар 7 ауылға бір 2 пәтерлік, алты екі пәтерлік, Тайпақ ауылында бір қос қабатты 12 пәтерлік коммуналдық тұрғын үйлер салу жоспарлануда. Сонымен қатар, қосымша 294 жер телімін су, газ, электр желілерімен қамтылады.

 

Аудан тұрғындарының 85 % таза ауыз сумен қамтылған. Өткен жылдың өзінде төрт ауыл таза ауыз сумен қамтылды. Ағымдағы жылы алты ауылға таза ауыз су тарту және Базартөбе ауылында су құбырын қайта құру жұмыстары жүргізіледі.

 

Аудандағы 11 елді-мекенін табиғи көгілдір отынмен қамтылып, көгілдір отынмен қамту 92,5 %-ке жеткен.

 

Чапаев ауылында 2,3 шақырым автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтті. Төрт ауылдың кіреберіс жолы, аудан орталығындағы төрт көшенің жолы жөнделеді.

 

Чапаев, Тайпақ ауылдарында 4,5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы төселіп, бағдаршам орнатылған.

 

Өткен жылы 2477 адам әр түрлі жұмыстармен қамтылған.

 

Сондай-ақ аудан әкімі білім, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт, қоғамдық тәртіппен жастар саясаты, цифрландыру жұмыстары бойынша атқарылған істерге тоқталып өттіп, биылғы жылы атқарылатын жұмыстар турасында баяндады.

 

Соның бірі - ағымдағы жылы 100 орындық жатақханасы бар, 300 орындық мектептің құрылысы басталады. Сонымен қатар аудан-ауылдарда 9 спорт алаңдары салынып, екі IT сынып ашылады. Бес елді мекен кең жолақты интернет жүйесімен қамтылмақ.

 

Халық жиынын қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев атқарылған істердің барлығы жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған Елбасының Жолдауы және қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында іске асып жатқандығын, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс пікірлер алдағы жоспарға алынып, оң нәтиже табатындығын айтты.

Фото: Темирболат Токмамбетов