04 Ақпан 2019
527

Оралда жастар алаңының отырысы өтуде

 

Оралда облыстық Жастар жылының ашылуына орай жастар алаңының отырысы өтуде.

  

 

Оған облыс әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы комитеті төрағасының міндетін атқарушы директоры Асхат Оралов, «Болашақ» халықаралық стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесинова, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Тоқтар Болысов қатысуда.

 

Жиында облыс әкімі Жастар жылында облыста жүзеге асатын жобалар туралы айтып берді.

 

Айта кетейік, басқосуда «Жетістікке бастайтын 7 қадам» атты Жастар жылында жүзеге асатын бағдарламалық құжат қабылданады. Мұнымен қоса, «Жастарға арналған 101 идея» краудсорсинг платформасында ұсынылған «Жақсылық жаса» атты жастар марафонына старт берілмек.