06 Ақпан 2019
355

БҚО ТЖД-да баспасөз -конференция өтті

 

 

6 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде облыстағы су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу және өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру жұмыстары мәселелері бойынша баспасөз-конференциясы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Б.Азбаев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ж.Жұмашев және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

 

Жылыту кезеңі басталғалы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамы 27 346 тұрғын үйлерге, шаруашылық құрылыстарына аула аралау шолуын жүргізді. Оларда жылыту пештерін, газ жабдықтарын және электржылытқыш құрылғыларын тиісті өртке қарсы күйге келтіру бойынша жеке үй секторының 63 527 тұрғынына түсіндірме жұмысы жүргізілді. 301 жиын өткізіліп, 127 мың жаднама мен ұсыныс таратылды. Сонымен қатар, шараға қатысушылар облыстағы су тасқынын алдын алу шараларына тоқталды.  

 

- Күзгі-қысқы кезеңнің ТЖ алдын алу жоспарына сәйкес су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша алғашқы іс-шаралар да өткізілуде. Шығарылған қар көлемі 500 мың м3 құрайды. Жұмыс жалғасуда. 2019 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындалу мақсатында еріген суды апатсыз өткізуге бағытталған іс-шаралар кешені әзірленіп жүзеге асырылды, - деді Ж.Жұмашев.