06 Ақпан 2019
541

Орал-Тасқала-РФ тас жолы бойында жаңа нысандар салынады

 

Биыл ғана күрделі жөндеуден өткен халықаралық тас жолына тұрғындар ризашылықтарын білдіруде. Ендігі кезекте, жол бойына жаңа нысандар салып, қызмет көрсету түлері көбейтілмек.

 

Бұл туралы аудан әкімі баяндамасында сөз етті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда жол бойында транзиттік автокөліктердің мұқтажын өтейтін қызмет көрсететін кемпинг құрылысы біреу-ақ.

 

-Күрделі жөндеуден өткен жолмен көлік ағынының көбеюін аудан мүддесіне тиімді пайдалану қажет. Алдағы уақытта «Конденсат» АҚ мен Достық ауылының маңында «ВенОйл» АҚ жанар-жағар май құю станцияларының құрылысы жүргізілмек. Алайда осымен ғана шектелмей, Орал-Тасқала-РФ тас жолы бойында басқа да қызметтер ұсынатын кемпинг пен кәсіпкерлік нысандарының құрылысын жүргізу мақсатында ауданға ірі инвесторларды тарту жұмысын күшейту керек,- деді Алдияр Сансызбайұлы.

 

Айта кетейік, ауданға нақты жобасымен келетін кәсіпкерлер мен өзге де ұсыныс білдіруші жандар жұмысы маңызды деп табылатын болса, әкімшілік тараптан қолдау көрсетіледі.