07 Ақпан 2019
557

БҚО әкімі Бөрлі ауданында болды

 

 

 

Бөрлі ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Алтай Көлгінов Ақсай қаласындағы күні кеше ашылған Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Болашақ» коворкингінің жұмысымен танысты.

 

Бөрлі ауданында жастарға жасалған қамқорлық көңіл қуантады.

 

Сондықтан жастар да ауданның тіршілігне белсене араласқаны дұрыс. Мемлекет жастарға қолдан келген жаңа мүмкіндіктерді жасайды. Тек сіздер алғыр да озат, қабілетті болуларыңыз керек, -деді облыс әкімі. 

 

Сондай-ақ өңір басшысы аудандық өлкетану музейінде болды. Аталған музей өткен жылы 30 млн. теңге қаражатқа күрделі жөндеуден өтіп, 16 млн. теңгеге жаңа жәдігерлермен толыққан болатын.

 

 

ФОТО: Александр Куприенко