09 Ақпан 2019
666

Әрбір сұрақ жеке бақылауда тұр

 

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

 

Облыс әкімінің қабылдауында түрлі сұрақтармен 36 адам болды. Азаматтардың көбі тұрғын үй жағдайын жақсарту, ана капиталын пайдалану, әлеуметтік көмек алу мен несиелендіруді жеңілдету, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікпен айналысу, елді-мекендердегі инфрақұрылымдарды жақсарту мәселелерімен келді. Сонымен қатар, қабылдау кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға спорт кешенін салу мүмкіндігі қарастырылды. Жаңақала ауданына келген «Алтын алқа» иегері Жамал Кереева немересінің туу туралы куәлігін алуға көмек сұрады. Өз кезегінде, облыс әкімі барлық қажетті заң көмегін беруді уәде етті.

 

Қабылдау барысында көтерілген барлық сұрақтар бойынша азаматтарға толық түсіндірме және құқықтық кеңес берілді. Сондай-ақ облыс әкімі барлық мәселелерді өз бақылауына алды.

 

ФОТО: Александр Куприенко