11 Ақпан 2019
1027

БҚО әкімі Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

 

 

Бүгін Қоғамдық кеңестің отырысында облыс әкімі Алтай Көлгінов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар мен 2019 жылға даму жоспары туралы баяндады.  

 

2018 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп көлемі 2,5 трлн. теңгені құрады. Өңдеуші өнеркәсіптің экспорты  202 млн. АҚШ долларды, инвестиция көлемі 453 млрд. теңгені құрады. Шикізаттық емес сектордағы инвестициялар 11,4%-ке өсті,  соның ішінде ауыл шаруашылық саласындағы инвестициялар 42%-тен жоғары. Мемлекет бюджетіне 304 млрд. теңге мөлшерінде салық түсті. ЖІӨ құрылымында шағын және орта бизнестің үлесі 40%-дан асады. 2018 жылы 432 мың. шаршы метр тұрғын үй салынды.

 

Облыс әкімі мемлекеттік бағдарламалар мен Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес жүзеге асырылған шараларды да атап өтті.

 

Сонымен қатар, кеңес отырысында облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар жергілікті өкілетті органның қызметі туралы сөз сөйледі. Сондай-ақ, бұл шарада Қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов баяндама жасады. Өткен жылы Қоғамдық кеңестің 7 отырысы өткізіліп, 125 құқықтық-нормативтік актілер қаралды.

 

Жиын соңында кеңес мүшелері облыс әкімі Алтай Көлгіновтің есебін бірауыздан қабылдап, мәслихат хатшысының есебін назарға алды.

 

Отырысты қорытындылаған облыс әкімі: Барлықтарыңызға азаматтық белсенділіктеріңіз, ұстанымдарыңыз бен өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған қызметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін,- деді.

 

ФОТО: Рафхат Халелов, Темирболат Токмамбетов