13 Ақпан 2019
645

БҚО-да «Ашық әкімдік» шарасы өтті

 

Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен транспаренттілігін қаматамыз ету мақсатында облыс басшылығы тұрғындарға арналған жеке қабылдауларды жүйелі түрде өткізіп тұрады.

 

 

 Соңғы үш күнде облыс әкімі Алтай Көлгінов өңірдің 145 тұрғынын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Сонымен қатар Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаевтың қабылдауында 112 тұрғын болды.


Сонымен қатар, бүгін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында тұрғындарға арналған дәстүрлі «Ашық әкімдік» күні өтті. Облыс әкімінің орынбасарлары, Орал қаласының әкімі, облыстық басқармалары, құқық қорғау органдары, коммуналдық және басқа да мекемелер басшылары қоғамдық қабылдау өткізді. Ашық әкімдікке түрлі сұрақтармен 695 азамат келді. Ашық есік күнінде өңір тұрғындарының барлық мәселелері қаралып, әрқайсысына тиісті жауаптар мен кеңестер берілді.