15 Ақпан 2019
452

Тағайындау

 

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына Шауенов Ринат Сатымұлы тағайындалды.

 

 

Білімі - жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «менеджер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары:

-        Тасқала ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы,

-        Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары,

-        Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып  жұмыс жасады.

2016 жылдың қыркүйегінен бүгінге дейін Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.