16 Ақпан 2019
502

Алтай Көлгінов «Мейірімді көктем» жобасына қатысуға шақырды

 

Аталған жоба көп балалы отбасыларды және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған. БҚО әкімі аталған жобасының ұйымдастыру орталығы құрылатынын айтты. Еске сала кетсек, дәл қазір облыс әкімі Орал қаласындағы Оқушылар және жастар сарайында тұрғындар алдында есеп берді.

 

 

Мемлекеттің әлеуметтік жағдайы төмен әрі көп балалы отбасыларға қолдауына тоқталған облыс әкімі: «Біздің қоғам оларды ешқашан шеттеткен емес. Өйткені, отбасы қоғамның жай ғана бір бөлігі емес, бүкіл мемлекеттің негізі. Сондықтан өңірімізде дәстүрлі «Мейірімді көктем» жобасын жүзеге асыруды ұсынып, барлығын белсенді қатысуға шақырамын. Аталған жоба көп балалы отбасыларды және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған. Әрбір көп балалы отбасыға әлеуметтік карта жасақталады. «Мейірімді көктем» аясында ұйымдастыру орталығы құрылады. Бұдан бөлек облыста осы санаттағы азаматтарға кеңес беру, әлеуметтік, құқықтық және материалдық көмек көрсетуге бағытталған мыңнан астам түрлі іс-шара өткізіледі. Біздің міндетіміз – жүйелі түрде жекелей және әр отбасыға қолдау көрсету. Бұл әлеуметтік жәрдемақы, білім саласына қатысты сұрақтар, жұмыспен қамту, тұрғын үй және басқа да мәселелер. Өмірдің өзі үздіксіз дамудан тұратындықтан жаңа заманның талаптарына сай кемшіліктер де, сұрақтар да туындайды. Біз мәселенің бар екенін ашып айтудан ешқашан қашпаймыз»,- деді Алтай Сейдірұлы есептік кездесуде.