16 Ақпан 2019
323

«Қазталов және Теректідегі 20 елді мекенді газбен қамту жұмысы биыл аяқталады»

 

Бүгінде БҚО-ның газбен қамтылу деңгейі 94 пайыздан 95,4 пайызға жетіп, 314 ауыл көгілдір отынмен қамтылды. Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгінов тұрғындар алдындағы есептік кездесуде баяндады.

 

 

-Былтыр 44 елді мекенді газдандыру жұмысы аяқталды. Нәтижесінде 16 мың адам көгілдір отынның қызығын көруде. Қазіргі таңда Ақжайық, Бәйтерек, Бөкейорда, Жәнібек аудандарындағы 24 елді мекенде, 10 мың адамды көгілдір отынмен қамтитын газ желісінің құрылысы аяқталды. Қазталов және Теректі аудандарындағы қалған 20 елді мекенді газбен қамту жұмысы биыл аяқталады, -деді облыс әкімі.

 

Жасалған жұмыс нәтижесінде облыстың газбен қамтылу деңгейі 94 пайыздан 95,4 пайызға жетіп, 314 ауыл көгілдір отынмен қамтылды. Облысымыздың 4 ауданы, яғни Ақжайық, Бөкей Орда, Жәнібек, Шыңғырлау және Орал, Ақсай қалалары толықтай көгілдір отынмен қамтылған.

 

Тұрғындарды көгілдір отынмен қамту жөнінен БҚО республика бойынша Атырау, Алматы және Маңғыстау облыстарынан кейінгі орында.