16 Ақпан 2019
323

БҚО-да ет экспорты 34 пайызға артты

 

БҚО – республика бойынша ет экспорты көлемі жөнінен екінші орында тұрған өңір. Облыстың барлық ауданы ауылшаруашылығына бейім әрі қолайлы. Ауқымды жер, жайылымдар, табиғи су көздері бар. Бүгінде ирригациялық құрылымдар қалпына келтіріліп, ветеринарлық қауіпсіздік қамтамасыз етіліп, өңдеуші кәсіпорындар салынуда.

 

 

- Біз өнім өңдеу кәсіпорындарын арттыруға және оларды экспорттауға жағдай жасауға ниеттіміз.Соңғы 4 жылда асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының саны екі есеге артты. Бұл асыл тұқымды мал басын 35%-ке көбейтуге мүмкіндік берді. Біздің облыс ірі қара мал басынын арттыруда басқа өңірлер арасында     4-ші, ал жылқы мен қой малының өсімі бойынша 5-ші орында.

 

Мал басының өсуі ет экспортын 34 %-ке немесе 3 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бүгінде біз ет пен ет өнімдерін Ресей, Иран, Қытай, Армения, Беларусь және басқа елдерге жеткіземіз. Ет экспорттау бойынша Өзбекстан елімен шекараның ашылуына орай республикада Түркістан облысы бірінші орында болса, БҚО екінші орындамыз.

 

Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 16,3 мың басқа арналған 11 бордақылау алаңын кеңейту және тағы 2 ірі бордақылау алаңын құрып, ондағы мал басын 25,5 мыңға дейін арттыру жоспарымызда бар,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.