16 Ақпан 2019
336

Қазталов-Жәнібек-Бөкей ордасы жолының күрделі жөндеуі биыл басталады

 

-Елбасы тапсырмасына сәйкес, облыс орталығынан қашықта орналасқан аудандарға салынып жатқан жол құрылысы жіті бақылауда, -деді  БҚО әкімі     Алтай Көлгінов тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде.

 

 

-Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарына 275 шақырым болатын республикалық маңызды автожол құрылысына «Қазавтожол» күрделі жөндеу жұмысы үшін жобалық-сметалық құжат әзірлеуде. Жол құрылысы биыл басталады. Алдағы 3 жылдың ішінде жол салынады.

 

Барлығы 464 шақырым жол жөнделеді. Чапай-Жапақтал-Қазталов-РФ республикалық маңызды жолының 326 шақырымы, Өнеге-Бисен және  Қазталов-Жәнібек  жолының күрделі жөндеуі жалғасады.

 

Сырым бекетін қайта жабдықтаймыз, Самара-Шымкенттің 78 шақырымы  мен Атырау қаласына апаратын жолдың 105 шақырымы орташа жөндеуден өтеді.  Облыстағы жолдардың 80 шақырымы жөнделеді.

 

Үлкен-Шаған-Переметный-Вечный бағытындағы жолдың күрделі жөндеуі басталды. Биыл аяқтау жоспарда бар. Биыл Бөрлі-Ақсай-Жымпиты жолының жөндеу жұмысы аяқталып, Шыңғырлау-Лубен-Лебедевка, Тасқала-Аққурай-Болашақ жолын күрделі жөндеу басталады. Федоровка-Ақсай жолы орташа жөндеуден өтеді, -деді Алтай  Сейдірұлы.