16 Ақпан 2019
360

БҚО әкімі өңірдің Жастар жылына қатысты жобаларымен бөлісті

 

Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында 3 спорт нысанын салу жоспарланған. Қысқы спорт түрлеріне арналған арена, Егізбаев көшесі бойында волейбол залы және Тасқала ауданы орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынбақ. Мұндай кешендер КПО қолдауымен Жаңақала және Жәнібек аудандарында да бой көтереді.

 

 

-Сонда облыста спорт кешені керек екі аудан – Бөкей ордасы мен Шыңғырлау қалды. Оралда спорт колледжі салынуда. Бұқаралық спортпен айналысатын тұрғындарымыздың  2019 жылдың соңына қарай 30 пайызға жетеді деп жобалап отырмыз.

 

Жастар жылы аясында жоғарыда айтылғандай спорт алаңдарын салу бойынша «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, облыста 100 спорт алаңы салынуда. Сонымен қатар  барлық аудандарда жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған 5 коворкинг орталық ашылады. Орал қаласындағы және ауылдардағы кітапханаларды қазіргі жастардың сұранысына сай замануи форматта модернизация жасаймыз,- деді облыс әкімі  Алтай Көлгінов.

 

Сондай-ақ облыс әкімінің есебінде Орал қаласында Жастар жылына орай «Жастар тынымбағы» салынатыны белгілі болды.