20 Ақпан 2019
519

БҚО-да оқушылар мен жастарға үшін кәсіптік бағдар беру орталығы жұмыс істейтін болады

 

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов «EDTECH-KZ» халықаралық білім орталығының бас директоры Ғани Бейсембаевпен кездесті.

 

Кездесуде адам капиталын дамыту, білім беру сапасын арттыру, оқушылар мен жастарды кәсіби бағдарлау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар өңірде Кәсіптік бағдар беру орталығын пилоттық жоба ретінде жүзеге асыру мәселелері де талқыланды.

 

Бұл орталықтың қызметі оқушылар мен жастардың өз кәсіби бейімділігін анықтауға, кәсіптік бағдар беру саласындағы тиісті мекемелердің жұмысын үйлестіруге және кәсіптік бағдар берудің бірыңғай ақпараттық кеңістігін дамытуға бағытталады. Орталық «Нұр Отан» партиясы, облыстық білім, жастар саясаты, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларымен бірлесіп өзара іс-қимыл жасайды.

 

Жоба аясында кәсіптік бейімдеу мен сынақ бойынша мектеп технопаркі құрылады.

- Жастарды кәсіптік бағдарлау - мемлекет саясатының басымдықтарының бірі. Елбасы өз Жолдауында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өткен болатын. Біздің елімізде осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін толық жағдай жасалған. Өңірімізде мектеп оқушылары мен жастарға кәсіби бағдар беру моделі белсенді түрде дамитын болады, -деді облыс әкімі.