20 Ақпан 2019
572

Оралда «AQJAIYQ SKI RACE-2019» шаңғы тебу шарасы өтеді

 

Қала тұрғындарын, жастарды дене шынықтырумен тұрақты айналысуға шақыруды, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен бұл шараға мыңға жуық адам қатысады дейді ұйымдастырушылар.

 

23 ақпан күні сағат 11-де басталатын көпшілік шаңғымен жүгіруге барлық ниет білдірген қала тұрғындары және қала қонақтары қатыса алады. Жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды.

 

Көпшілік шаңғымен жүгіруге қатысушылар үшін 1 айналымы  2,5 шақырымнан 3 қашықтық дайындалған. Ұйымдастырушылар бір айналымды (2,5 км)  – қола шаңғы жолы, 5 шақырым – күміс шаңғы жолы, 7,5 шақырымды  алтын шаңғы жолы деп атаған.

 

Көпшілік сырғанаудың өтетін орны – Орал қаласындағы «Этноауыл» алаңы (Омега айналма жолы ауданы, Есенжанов және Шолохов көшелерінің қиылысы).

 

Шараны Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі өткізеді. Сұрақтар болса 51-21-92, 87759416181 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

 

zhaikpress.kz