21 Ақпан 2019
390

«КПО б.в.» компаниясымен одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды

 

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов «КПО б.в.» консорциумының бас директоры Эдвин Бломмен кездесті.

 

 

Кездесу барысында өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту мен жергілікті үлес салмағын арттыру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруда өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

 

Облыс әкімі өңір экономикасы үшін консорциумның маңыздылығын атап өтті. – «КПО б.в.» біз үшін стратегиялық маңызды серіктес. Біздің әріптестігіміз үйлесімді әрі конструктивті іс-қимылға негізделген, - деді облыс әкімі.

 

Өз кезегінде, консорциумның бас директоры Э. Блом елдің тұрақты экономикалық дамуы инвесторлар үшін қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті. Сондай-ақ, бас директор жан-жақты ынтымақтастықты белсенді жалғастыруға ынталы екендігін білдірді.

 

 

ФОТО: Александр Куприенко