22 Ақпан 2019
387

БҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасымен 1 100 пәтер пайдалануға беріледі

 

– Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына 1 100 пәтер пайдалануға беріледі. Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев осылай мәлімдеді.

 

 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыс бойынша 68,6 мың адамға қызмет көрсетеді. Салымшылардың депозиттеріне жиналған қаражаттың жалпы сомасы 34,6 млрд теңгені құрайды.  

 

2018 жылдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында 432,2 мың ш.м. баспана салынған.

 

Айта кетейік, биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 9 үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Олардың ішінде 1 100 пәтері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына берілетін болады.

 

 

 

Гүлдана Қазтай

7kun.kz