23 Ақпан 2019
630

Оралда «AQJAIYQ SKI RACE» көпшілік шаңғымен жүгіру өтті  

 

 

Мыңнан астам батысқазақстандықтар «AQJAIYQ SKI RACE» көпшілік шаңғымен жүгіру шарасына қатысты. Кәсіби шаңғышылар мен шаңғы спортының әуесқойлары 2,5, 5, 7,5 км жүріп өтті. 

 

Баршаңызды спорт мерекесімен құттықтаймын. Өздеріңізге мәлім, биыл Жастар жылы деп жарияланды. Елбасы әрдайым спортпен айналысуға шақырады. Себебі спорт, салауатты өмір салты - сау ұлттың кепілі. Ал біздің өңіріміздің жастары өте белсенді және спортқа жақын, - деді облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов.

 

Көпшілік шыңғымен жүгіру соңында қатысушылары дипломдармен марапатталды. «Ең жас қатысушы» аталымына Жанарыс Жасұланұлы, «Белсенді волонтер» аталымына Дулат Жүсіпқалиев, «Ақсақал» аталымына Какиден Ұлықпанұлы ие болды.