23 Ақпан 2019
461

Тасқала ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2 тұрғын үй салынуда

 

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов Тасқала ауданы орталығынан «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынып жатқан тұрғын үйдің құрылысымен танысты.

 

 

Әр қайсысы 36 пәтерден тұратын қос үйдің құрылысы өткен жылы басталған. Үш қабатты әр үйде 12 бір бөлмелі, 24 екі бөлмелі пәтерлер орналаспақ. Аталған үйдің құрылысын «Альтаир» ЖШС жүргізуде. Жобалық құны 831 млн. теңге болатын көп қабатты тұрғын үй кезекте тұрған аудан тұрғындарына жалдамалы пәтер ретінде табысталмақ. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың күз мезгілінде аяқталады. Құрылыс жұмыстарында 50 жұмысшы тартылған болса, соның 16-сы аудан тұрғындары.

 

ФОТО: Александр Куприенко