26 Ақпан 2019
335

Облыс әкімі жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді тапсырды

 

Облыс әкімі Алтай Көлгінов жолаушылар автобусы мен жүк тасымалдағыш көліктің соқтығысуы салдарынан орын алған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен өңір тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырды.

 

Өңір басшысы жол апаты кезінде автобуста болған адамдарға тиісті медициналық көмек көрсетілуі керектігін баса айтты.

 

- Қайғылы жағдайға тап болған облыс тұрғындарына медициналық және психологиялық тұрғыдан көмек көрсетілуі, керек болған жағдайда материалдық қолдау берілуі қажет. Сонымен қатар жол апаты қаупі бар барлық жолдар қатаң қадағалауға алуды тапсырамын,-деді облыс әкімі.

 

Айта кетейік, кеше түскі сағат 16.30-дың шамасында Атырау-Орал тас жолында екі облысқа қатынайтын Daewoo маркалы автобусы жүк тасымалдағыш көлікпен соқтығысуы салдарынан 3 адам қаза тапқан болатын. Олардың ішінде бала өлімі тіркелген жоқ.