27 Ақпан 2019
360

Толық емес көп балалы отбасыларға үйден жұмыс істеуге мүмкіншілік жасау қажет – Елбасы

 

Толық емес көп балалы отбасыларға үйден жұмыс істеуге мүмкіншілік жасау қажет. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

         "Толық емес көп балалы отбасыларға үйден жұмыс істеуге мүмкіншілік жасау қажет. Ал ауылдағы көп балалы отбасыларға жекелеген гранттар, квоталар және шағын несиелер бөлу қажет. Осы бағытта жұмыс істеу керек. Үкімет пен әкімдер бұл қызметті "Нұр Отан" және "Атамекенмен" бірге жүзеге асыруы тиіс", - деді Елбасы.

         Мемлекет басшысы барлық әкімдер мұқтаж отбасыларға көмек көрсетудің өңірлік бағдарламасын партиялық "Бақытты отбасы" жобасына сәйкес қайта қарастыру керектігін ескертті.

         "Ол еліміздегі отбасы институтын жүйелі қолдауға  бағытталған", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.