27 Ақпан 2019
303

Президент «Нұрлы жер» бағдарламасымен 40 мың пәтер салуды тапсырды

 

Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде айтты.

 

         -Баспанамен қамту мәселесі де маңызды. Үкіметке «Нұрлы жер» арқылы 40 мыңға жуық пәтер салуды тапсырамын. Ол аренда жүйесіндегі пәтерлер және әлеуметтік аз қамтылғандарға арналады. Бұл үшін 7 жыл қатарынан жыл сайын 50 млрд. теңге бөлінеді. Ол үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» қосымша қаржы керек, - деді Н.Назарбаев.

Қазір әкім жылына бір рет есеп беретін болды. Бұл не деген сөз? Әкім халықпен бір күн емес, күнде кездесуі керек. Халықпен кездесу үшін бір жыл күтудің қажеті қанша?! Әкімдер халыққа жақын болуы керек.