27 Ақпан 2019
1437

Елбасы Үкіметке «Ауыл-Ел Бесігі» жобасын әзірлеуді тапсырды

 

Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде айтты.

 

            -Бізде 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту үшін мүмкіндік бар.

            Ең алдымен Үкімет әкімдермен және мәслихаттармен бірлесіп келешегі зор ауылдарды таңдап, әлеуметтік саланы дамытсын. Біз ауылдың әл-ауқатын өсіріп және дамыған ортаға айналдыруымыз керек. Халықтың ауылда еңбек етіп және өмір сүруге әлеуеті жетеді.

         Осыған орай Үкіметке 2019-2021 жылдары «Ауыл-Ел Бесігі» арнайы жобасын іске асыру үшін ұсыныс әзірлеуді және қаржыландыруды тапсырамын. Жоба 90 млрд. теңгемен қамтамасыз етілуі керек, -деді Елбасы.

            Президент бұл жастарды ауылда тұрақтантыруға септігін тигізетіндігін айтып, алдағы үш жылда жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен қосымша 2 трлн. теңгеден астам қаржы бөлінетіндігін мәлімдеді. Бұл қаражат кедендік әкімшілікті жетілдіру мен бюджет шығыстарын оңтайландыру жолымен өндірілмек.