27 Ақпан 2019
334

Елбасы білім саласындағы реформалардың нәтижелі аяқталуын талап етті

 

Бүгін «Он жылдық перспективалары: ұлттың жаңа игілігі» деген атпен «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ сьезі өтті. Ел халқы аталмыш шараны ерекше күткені анық. Бас партияның 20 жылдық мерейтойы болуымен емес, ел халқына әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға байланысты келелі ұсыныстар күткені айқын.

 

Елбасы осыған дейін халықтың әл-аухатын, әсіресе дәл қазіргі жағдайдағы ел халқының басты проблемаларын айқындауды тапсырған болатын. Олардың қатарында балаларға төленетін жәрдемақыны өсіру, көп балалы отбасылардың жағдайын жақсарту, тұрғын үймен қамтамсыз ету, әлеуметтік инфрқұрылымды жаңғырту және тағы басқа мәселелер болатын.

Осы проблемалардың нақты шешу жолдарын қарастыруда партия алдына қойылған үш міндетті атап өтті. Аз қамтылған отбасыдан шыққан тұрғындарға қолдау мен табысын көтеру, төменгі табысты азаматтарды тұрғын үймен қамтамсыз ету мәселелерін шешу, білім беру мен денсаулық саласын жақсарту, аймақты кешенді дамыту бойынша нақты тапсырмаларды алға қойған болатын.

Білім саласы қызметкері ретінде осы екінші бағытқа байланысты айтылған міндеттер бізді толғандырары айқын. Елбасы білім саласындағы реформалардың нәтижелі аяқталуын талап етті. Бұл өте орынды шешім екені айқын. Елбасы қазіргі жаңа кезеңнің балаларынан жаңа дағдылар мен құзіреттіліктер талап етіліп отырғанын баса айтты. Аталған бағытта табысқа жету педагогтардың біліктілігін үнемі арттырумен, білім орындарының материалдық базасы мен маңызды оқыту бағдарламаларының дамытумен айқындалатынын тілге тиек етті. Әр аймақта кемінде бір дамыған жетекші оқу орны мен 10 қазіргі колледж табысты жұмыс жасау керектігі айтылған. Әрбір жоғары оқу орнын бағалау түлектерді жұмысқа орналастырумен айқындалу қажеттігін де айтып өтті.

Мемлекеттің қуаттылығы экономиканың даму қарқынымен және тұрғындардың тұрмыс сапасымен өлшенетінін айтып өткен Елбасы «мен өзіме сенім артқан халқымның болашақта емес, қазір бақытты болғанын көргім келеді» деп айтты. «Бас партия болу дегеніміз – басқару емес, елге адал қызмет ету!» деген халық бірлігін ұрандатқан бүгінгі съезде айтылған тұжырымдарды тыңдай отырып ұққанымыз, Қазақстанды дамытудың жаңа кезеңіне жол ашатын нақты бағыт-бағдарымен, келелі ұсыныстарымен ерекшеленгені сөзсіз.