01 Наурыз 2019
403

Оралда шешен-ингуш мәдени бірлестігі қайырымдылық шарасын өткізді


Оралда шешен-ингуш мәдени бірлестігіне қарасты «Қазақ-вайнах достығы» қанатының өкілдері қайырымдылық шарасын өткізді.

 

Ізгі шара аясында туристік кешенде бас қосқан балалар асыр салып ойнап, қыс қызығына кенелді.

 

Айта кеткен жөн, қазіргі таңда Ақжайық өңірінде 600-ге жуық шешен ұлтының өкілі тұрып жатыр. Осыдан 75 жыл бұрын солақай саясаттың құрбаны болған халық талай нәубетті өткерді. «Сол бір қиын-қыстау кезеңде қазақ халқынан көрген жақсылықты ешқашан да ұмытпаймыз. Мұны шешен ұлтының кейінгі буыны да біле жүруі тиіс. Қайырымдылық шарасының да басты мақсаты осы», - дейді ұйымдастырушылар.

 

Абылайхан Демеуітов, оқушы:

 

- Мұнда өте қызық болды. Біз сырғанақ тептік, ойнадық, көп балалар келген соң олармен достастық. Сырғанақта сырғанадық.

 

Болат Душембаев, «Қазақ-вайнах достығы» клубының мүшесі:

 

- Шараның мақсаты - қазақ жерінде тұрып жатқан барша ұлт пен ұлыс өкілдерінің достығын нығайту. Осындай ізгі амалдар арқылы қазақ, шешен және өзге де ұлт өкілдері балаларының бір-бірімен жақынырақ танысып, достасуын көздейміз.

«Хабар 24»