01 Наурыз 2019
491

«Қазақ халқына мың алғыс» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

 

Бүгін «Алғыс айту» күніне орай этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері,  ақсақалдар мен қала тұрғындары, студент жастарымен мектеп оқушылары қатысуымен «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткіші жанында жиын өткізіліп, гүл шоқтары қойылды. 

 

 

Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Бұл ерекше мереке. Себебі 1-наурыз Елбасымыздың шешімімен Ассамблея күні және де Алғыс айту күні болып жарияланған болатын. Бұл елімізде тұрып жатқан барлық этностардың ынтымағы, бірлігі мен достығының нағыз символына айналған бірегей институт. Алғыс айту күні – бұл қиын-қыстау уақытты бірге өткерген және ең қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды бірге құрған азаматтардың бір-біріне деген өзара құрметінің, мейірімділігінің, достығының мерекесі. Бұл ортақ тарихымызға, жылдар бойы елімізде достық пен өзара түсінікті қалыптастырған аға ұрпаққа, біздің әкелеріміз бен аталарымызға деген құрмет. Сондықтан ортақ мерекеміз құтты болсын!,-деді салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов.

 

Сондай-ақ мерекелік шараға жиналғандарды «Хаймат» неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы  Эдуард Фрицлер, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Абуязид Хасиев, корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Виталий АН және тағы басқа этномәдени бірлестіктерінің өкілдері құттықтады.