01 Наурыз 2019
399

Банк қызметкерлері аналарды қуантты

 

Облыстық перинаталдық орталықта Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті.

 

Дәл осы күнге орай, 1 наурызда дүниеге келген сәбилердің анасына  банк қызметкерлері арнайы сыйлықтар беріп, құрмет көрсетті. Облыстық перинаталдық орталықтың бас медбикесі Гүлсара Мәдениетқызының айтуынша, Алғыс айту күні 5 ұл, 2 қыз дүниеге келген.

 

         -«БанкЦентркредит» АҚ облыстық перинаталды орталықпен  бірлескен қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. Біз осы орталықпен он жылдан бері серіктестік байланыстамыз. Бүгінгі Алғыс айту күнінде өмірге перзент әкеліп, отбасын, бүтіндей әулетін қуанышқа бөлеп жатқан аналарға және ақ халатты абзал жандарға алғыс айтқым келеді,-деп аналарды құттықтаған «БанкЦентркредит» АҚ-ның бөлім басқарушысы Анаргүл Ахметова оларға пакет толы сыйлықтар үлестірді.

 

          Сондай-ақ перинаталды орталықтың атынан да аналарға естелік сыйлықтар таратылды. Қаратөбе ауданының Ақтайсай ауылынан келген Баян Сүлейменова өздеріне сый-құрмет көрсеткен «БанкЦентркредит» АҚ мен перинаталды орталықтың қызметкерлеріне аналар атынан алғыс айтты.