01 Наурыз 2019
628

«Дүкенге түскен қаражат көп балалы отбасыларға беріледі»

 

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде «Ақжайық - адалдық алаңы» жобасы аясында «Адалдық дүкені» ашылған болатын.

 

- Полиция қызметкерлері тауар алған кезде ақшасын кассалық аппараттың орнына қойылған жәшікке салады. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға тікелей әсер етеді,- дейді департамент бастығының орынбасары Нұржан Өтелбаев.

 

«Адалдық дүкені» департаментте әр аптаның жұма күні ұйымдастырылады. Ал дүкенге түскен қаражатты полиция қызметкерлері көп балалы отбасыға табыс етеді.