05 Наурыз 2019
852

Оралда ақындар айтысы өтуде

 

Бүгін Оралда облыс әкімдігінің қолдауымен «Азаттықтың ақ таңы» республикалық ақындар аламаны өтуде.

 

Елімізге танымал ақын Несіпбек Айтұлы бастаған қазылар алқасы төрелік ететін бұл додаға еліміздің түпкір - түпкірінен 20 ақын қатысуда. Шараның ашылу салтанатында өңір басшысы Алтай Көлгінов пен «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» төрағасы Жүрсін Ерман айтыс шеберлеріне сәттілік тілеп, жиналған көрермендерді наурыз айындағы мерекелермен құттықтады.

 

      -  Құрметті айтыс өнерінің жанашырлары! Өнер десе төрін беретін ақжайық өңіріне қош келдіңіздер! Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы, оның заңды жалғасы болған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы - еліміздің тарихын, халқымыздың төл өнерін қайта жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат. Соның ішінде ғасырдан ғасырға өшпей жеткен айтыс өнерінің халқымыздың өмірінде алатын орыны ерекше. Бұл доданың біздің өңірімізде өтіп жатырғанына қуаныштымыз және әрқашан қолдаймыз,- деді А.Көлгінов.

 

Аталған дода атыраулық Амангелді  Панабердиев пен жерлес ақынымыз Орынбек Меңдіқұлдың айтысынан басталды.

 

ФОТО: Темірболат Тоқмамбетов