07 Наурыз 2019
432

Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды

 

5 наурызда Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шелл Қазақстан, Аджип Қарашығанақ Б.В. және «EASST» Қауіпсіз және Тұрақты Көлік үшін Шығыс Альянсы меморандумға қол қойысты. Меморандумның мақсаты - аймақтағы жол қауіпсіздігі жағдайын зерттеу және жол қауіпсіздігін арттыру бойынша бірқатар бастамаларды одан асыру болып табылады.

 

 

Меморандумға БҚО әкімі А.С. Көлгінов, Қазақстандағы «Шелл» концернінің Вице-президенті және Төрағасы Оливье Лазар мырза, Энидің Өңірлік Вице-президенті Лука Виньяти мырза және «EASST» Қауіпсіз және Тұрақты Көлік үшін Шығыс Альянсының Орталық Азия бойынша директоры Сергей Дякон мырза қолдарын қойды.

 

Бағдарлама жол пайдаланушылардың жүріс-тұрысын жақсарту, сондай-ақ инфрақұрылымдық кемшіліктерді бағалау және сараптамалық қолдау көрсету мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, оқытушыларды, көліктік компаниялардың инженерлерін қоса алғанда, мүдделі тараптардың кең ауқымын оқытуды қамтиды. Жол қауіпсіздігі саласындағы бастамаларды іске асыру кезінде кеңестік қолдауды «EASST» Қауіпсіз және Тұрақты Көлік үшін Шығыс Альянсының сарапшылары қамтамасыз етеді.

 

Облыс әкімі мұндай ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын атап өтті.

 

“Бүгін маңызды меморандумға қол қойылды. Бұл,  ең алдымен, жол қауіпсіздігін арттыру бойынша алдын алу шараларын жүргізуге бағытталған”, - деді облыс әкімі А.Көлгінов.

 

«Шелл» мен «Эни» компаниялары қауіпсіздік ұйым тұрақтылығының басты факторы деп біледі. Ортақ мақсатқа жету үшін лайықты үлес қосуға бағытталған барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіріп, қауіпсіздікті арттыратын әрекеттерді белсенді түрде алға бастырып, тиісті процесстерді енгізіп жүр. Осы мақсатта серіктестер жалпы Қазақстан Республикасымен, атап айтқанда БҚО әкімдігімен орнатқан стратегиялық одақтастықты тереңдетуге ниетті.

 

EASST Орталық Азия бойынша директоры Сергей Дякон: «EASST» Қауіпсіз және Тұрақты Көлік үшін Шығыс Альянсы 2019 жылын жол қауіпсіздігі жылы деп жариялау үшін Әкімдіктің және «Шелл» мен «Эни» компанияларының бастамаларына толық қолдау көрсетеді. Меморандумға қол қою мемлекеттік органдардың және жеке сектордың азаматтардың өмірін жақсарту және жолдардағы жазатайым оқиғалардың санын азайту жөніндегі күш-жігерін біріктіруге әкелетініне сенімдіміз. Әрбір өмір баға жетпес құндылық. Күш біріктіру арқылы ғана нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз. Бәріміз де жол пайдаланушы болған соң бүгінгі бастама өңірдің барлық тұрғындарының игілігіне жарайды деп үміттенеміз.»