07 Наурыз 2019
680

Облыста әскерге шақыру комиссиясының отырысы өтті

 

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев, қорғаныс департаментінің өкілдері, шақыру және медицина комиссиясының төрағалары, жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары, Полиция департаменті өкілдері, басқарма басшылары және аудандық шақыру комиссияларының төрағалары селекторлық режимде қатысты.

 

 

Жиынның басты тақырыбы – өткен жылғы мерзімді әскерге шақыруды қорытындылап, биылғы жылғы көктемгі шақырудың міндеттері мен талаптарын талқылау болды.  

 

     -  Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Біздер жастар бойында патриоттық сананы оятуымыз қажет. Ол үшін ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейтуді тапсырамын - деді Б.Азбаев

 

Жиналыс барысында қорғаныс департаменті бастығының бірінші орынбасары М.Есенов баяндама жасап, өткен шақырту кезеңінде орын алған кемшіліктер, оларды шешу жолдары талқыланды.