06 Наурыз 2019
259

БҚО-да допты хоккейден спартакиада өтті

 

Оралда 1-6 наурызда спорттың допты хоккей түрінен мектеп және колледж оқушылары арасында ІХ қысқы республикалық спартакиада өткізілді.

 

 

Додаға Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облысының командалары қатысты.

 

Бес күнге созылған жарыс өте тартысты өтті. Командаларын қолдауға келген жанкүйерлер де көп болды.

 

Сайыс нәтижесінде I орынды Батыс Қазақстан облысы жеңіп алды. Ал II орын Солтүстік Қазақстан облысы, жүлделі III орын Ақмола облысының командасына бұйырды.

 

Жарыс жеңімпаздары ҚР Білім және ғылым министрлігі ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының атынан диплом, медаль және кубоктармен марапатталды.

 

Оқ бойы озық болған В.Барановқа (Ақтөбе облысы) «Үздік қақпашы», Қ.Батырбек (БҚО, Орал қаласы) «Үздік қорғаушы», А.Шефчу (БҚО) «Үздік шабуылшы», Д.Геамов (БҚО) «Үздік ойыншы» атанып, ақшалай сыйлық табысталды.