13 Наурыз 2019
375

Денсаулық сақтау министрі: "БҚО-да үш жылда 22 медициналық мекеме ашу жоспарланып отыр"

 

Жиында сөз алған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық қызмет сапасын арттыру, дәрігерлердің тапшылығы мәселелеріне тоқталып, бұл бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы кеңінен әңгімелеп берді.

 

-Елбасы тапсырмасына орай, елімізде үш жылдың ішінде 595 емхана мен амбулатория салынады. 90 пайызы ауылдық жерлерде бой көтереді. Мақсатымыз – үш жылдың ішінде барлық ауыл тұрғындарын алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз ету, әр ауыл тұрғыны өз дәрігері мен мейірбикесіне емделе алатындай жағдай туғызу. БҚО-да үш жылда 22 медициналық мекеме ашу жоспарланып отыр,-деді Елжан Біртанов.

 

Динара Жұмабекқызы,

сурет А.Куприенко