13 Наурыз 2019
354

25 мыңға жуық батысқазақстандыққа әлеуметтік қолдау көрсетіледі

 

 

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жобасы шеңберінде 25 мыңға жуық батысқазақстандыққа қаржылай қолдау көрсетіледі. Аз қамтылған отбасыларға қайтарымсыз гранттар беріліп, кәсіппен айналысуына жағдай жасалады. Әрі баспанаға зәру көпбалалы жанұялардың мәселесін шешу бағытында өңір қазынасынан жыл сайын 2,1 млрд теңге бөлінеді. Ауылдық жерлерде медициналық мекемелер салынады. Бұл туралы бүгін аймаққа іс сапармен келген ақпараттық түсіндіру тобының қатысуымен өткен облыс активінің отырысында айтылды.