13 Наурыз 2019
320

Ақпараттық-түсіндіру тобы зауытта болды

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Орал трансформатор зауыты»  ЖШС-да болып, облыстағы кәсіпорын басшыларымен  кездесті.

 

 

Жиынды облыс әкімі Алтай Көлгінов  жүргізді. Алдымен сөз алған Гүлшара Әбдіқалықова бизнес пен бизнес қоғамдастығының адлында екі міндет тұрғынын атап өтті. Олар: еңбек өнімділігін арттыру және  индустриаландыруды дамыту. Сондай-ақ ол Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ сиезінде атап өткен жаңа әлеуметтік қолдау шараларына тоқталды.

 

- Бүгінде біз жалақыны уақытында беруге баса назар аудару керекпіз. Қазір елімізде кикілжіңдердің көбі, әсіресе 30 пайызы жалақыны уақытында төлеумеуге байланысты туындап отыр. Сондықтан да осы мәселенінің шешімін табу қажет. Екіншіден, еңбек қауіпсіздігі сақталу керек. Үшіншіден, жалақыны индекстеуге байланысты  көтеру назардан тыс қалмағаны жөн.  Бюджет қызметкерлерінің жалақысын индекстеу мемлекет тарапынан жүргізіліп келеді. Бұл жеке кәсіпорындарға да қатысты, - деді Гүлшара Наушақызы.  

 

Ал Бердібек Сапарбаев кәсіпорындар табысты еңбек ететін болса, экономика дамып, халықтың  да жағдайы жақсарады деді. «Ең негізгісі  әлеуметтік шиеленіске жол бермеуіміз керек. Ол үшін ең алдымен кәсіпорын жұмыс істеу керек. Жұмысшылар жалақысын уақытында алып отырса, ешқандай да түсініспеушілік болмайды. Ұжымдық шарттардағы міндеттер толықтай орындалу керек. Соңғы жылдары Елбасы  отандық және шетелдік жұмысшылардың құқықтарының тең болуына көп мән беріп келеді.  Жұмыс жағдайы екеуіне де бірдей.  Батыс Қазақстанда он шақты шетелдік компания жұмыс істеуде. Еліміздегі қай елдің болсын кәсіпорны мемлекетіміздегі заңнамаларды сақтау қажет. Маманның кәсіби біліктілігін, шығарылатын өнім көлемін айтпағанда, еңбекақының мөлшерінде айырмашылық болмау керек. Көрсетілетін тұрмыстық қызметтер де тең болу керек, - деді министр. Олар бизнес өкілдерін аз қамтылған, көп балалы отбасыларға  әлеуметтік қолдау көрсетуге атсалысуға шақырды. 

 

Кездесуде «Стройкомбинат» ЖШС басшысы Б. Нұрбаев, «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ бас директры Қ. Мусин және тағы басқа да кәсіпорын басшылары сөз алып, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Өз кезегінде облыс әкімі Алтай Көлгінов  мемлекет тарапынан бизнес өкілдеріне үнемі қолдау көрсетілетінін атап өтті.

 

Ясипа РАБАЕВА,

«Орал өңірі»