14 Наурыз 2019
600

Денсаулық сақтау министрі Бәйтерек ауданының дәрігерлерімен пікірлесті

 

Бүгін Бәйтерек ауданында жұмыс сапарымен болған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Бәйтерек аудандық орталық ауруханасында болып, денсаулық сақтау мекемесінің жай-күйімен танысты.

 

 

Ана мен бала денсаулығын нығайту, дәрі-дәрмектің қолжетімді болуы, салауатты өмір салтын насихаттау, қан қысымына байланысты тұрғындар арасында жиі кездесетін ауруларды ұдайы бақылауда ұстау мәселелері жөнінде ой бөліскен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аудандық аурухана жұмысына оң бағасын берді.

 

- Елбасының күні кеше ғана өткен «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты алға қойған тапсырмаларына орай нақты шешімдер алынды. Жұмыс оң нәтижесін береді деген ойдамын.

 

Бүгінгі күні Наурыз мерекесі қарсаңында Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Ел бірлігі арта берсін! Еңбектеріңіз табысты болсын! – деп игі тілегін арнады министр Е.Біртанов.