15 Наурыз 2019
498

Облыс әкімі кезекті қабылдау өткізді

 

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов өңірдегі аз қамтылған отбасы мүшелерін жеке мәселелері бойынша тыңдап, қабылдауға жазылған 60-қа жуық адаммен кездесті.

 

 

Қабылдауда болғандар негізінен атаулы әлеуметтік көмек алу, баспана, жер телімдерін алу, жұмысқа орналастыру, несие қайтарымы бойынша заңды көмектер көрсету туралы өтініштерін білдірді.

 

Елбасы ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары туралы түсінік берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сәуір айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі өзгеріп, оның көлемі 14849 теңгеден 20789 теңгеге артпақ.

 

Облыс әкімі қазіргі уақытта кәсіппен айналысам деушілерге мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілетінін, өз бизнесін ашу қолжетімді болғанын айтты. Сонымен қатар бизнестің жаңа түрін ашамын деген аз қамтылған отбасыларына мемлекет тарапынан гранттар мен шағын несие берілетіндігін жеткізді.

 

Айта кету керек, еліміз бойынша дүйсенбіден бастап «111» бірыңғай Call-орталық жұмыс жасай бастайды, онда атаулы әлеуметтік көмек алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.