19 Наурыз 2019
498

БҚМУ-дың студенттік театры жаңа қойылым ұсынды

 

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің xореография және мәдени-тынығу жұмысы кафедрасы жанынан құрылған «Мұрагер» студенттік театры драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың «Келіндер ансамблі» атты отбасылық мелодрамасын сахналады.

 

 

Қойылымның басты рөлінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Әсел Мәмбетова «Режиссура» мамандығы студенттеріне дәріс бере жүріп, олармен бірге қойылымға қатысып, ене рөлін сомдады. Қойылым режиссері «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 4-курс студенті Тұяқ Мақсат. Ұлдың рөлін Ерболатұлы Мейрамбек, келінді - Хамидуллина Динара, немере ұлды - Абуов Ержан, немере келінді - Жолдығалиева Анар, немере күйеу баланың бейнесін Ұзақбаев Бибарыс, немере қыздың рөлін Ерболатова Айнұр сомдады. Барлығы «Режиссура» және «Вокал» мамандығының студенттері. Сондай-ақ қойылымды бимен көркемдеген «Хореография» мамандығының 2-курс және «Режиссура» мамандығының 1-курс студенттері Жәдігерова Ару, Бекмашева Галина, Нұрқуат Дана көрермен ықыласына бөленді.