20 Наурыз 2019
711

«Ақ   Жайық   жастары   Елбасымен   бірге»

 

Дәл осы атаумен Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында белсенді жастардың, қоғамдық бірлестіктердің мүшелерінің, жоғары және арнаулы оқу орындары студенттерінің қатысуымен флешмоб өтті. Алаңға жиналған жастар көк туды көтеріп, жүректің сұлбасын бейнеледі.

 

– Бүгінгі акцияға жалпы саны 200-ге жуық жас қатысты. Осы шара арқылы өңір жастарының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген шексіз алғысы мен зор ілтипатын білдіріп, Ұлт көшбасшысының тарихи маңызды шешіміне қолдау танытуды мақсат еттік. Жас буынның алаңсыз білім алып, бейбіт аспан астында бақытты ғұмыр кешуін қамтамасыз еткен, жастардың барлық бастамасына қолдау танытып, елдің болашағын бізге сеніп тапсырған Елбасыға Ақ Жайық жастарының атынан алғыс білдіреміз, – дейді «Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев.

 

Аяужан   КЕРЕЕВА,

«Орал   өңірі»